Ауғанстанның елбасылық сайлаулары төңірегінде пайда болған дағдарысты жағдай өз шешімін тапқан сыңайлы

Себебі, осы сайлаулар барысында Хамид Қарзайға мықты қарсылас бола білген саяси тұлға Юнус Қанони мырза аталған сайлаулар қорытындыларын өзі және басқа да үміткерлердің қабыл алатындықтарын мәлімдеді. Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын Қанони мырза, Ауғанстан сайлауларында орын алған заңсыздықтарды зерттеу мақсатында құрылған, тәуелсіз зерттеу тобының шешімін күтетіндігін мәлімдегені белгілі. Қанониден бұрын екі үміткер осындай тоқтамға келіскен еді. Олар- елдегі ұлттық азшылық Хазара тобының өкілі, елбасылық сайлауларға үміткер боп қатысқан Мұхамед Мохақиқ және жалғыз әйел үміткер Масуда Жалал болатын.