НАТО-ның Бас хатшысы бүгін Бішкекте қырғыз президентімен, премьер-министрі мен және Қырғызстанның басқа да ресми өкілдерімен “Бейбітшілік жолындағы әріптестік” бағдарламасы аясындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылайды деп күтілуде.

БІШКЕК: Әскери НАТО одағының Бас хатшысы Яаап де Хооп Схеффер бүгін Қырғызстанға келді. НАТО жетекшісінің Орта Азияның 5 еліне сапары бағдарламасына сәйкес ол Бішкекте қырғыз президенті А.Ақаевпен, премьер-министр Н.Танаевпен және Қырғызстанның басқа да ресми өкілдерімен кездесіп, “Бейбітшілік жолындағы әріптестік” бағдарламасы аясындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылайды деп күтілуде. Аталмыш бағдарлама оған қатысатын елдердің қарулы күштерін реформалау мақсатын көздейді.