Қарақшылық жолмен таралатын өнімдердің деңгейі артып отыр

  • Мариям БЕЙСЕНҚЫЗЫ
Қазақстанның Әділет министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, авторлық құқықтармен зияткерлік меншікті қорғау мақсатында жүргізілген тексеру жұмыстары нәтижесінде 2004 жылдың өткен 9 айында 794 адам әкімшілік жауапқа тартылыпты. Жалпы сомасы 53 млн. теңгені құрайтын лицензиясыз, қарақшылық өнімдер тәркіленіпті. Авторлық және аралас құқықты қорғау қауымдастығының вице-президенті Виктор Лосев: “Қазақстанда авторлық құқық пен зияткерлік меншікті қорғайтын заң дұрыс жұмыс істемейді. Заңның авторлық құқық бұзылған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартуға тиісті 184 бабы жан-жақты толықтыруды қажет етеді”, дейді. Оның айтуынша, аталған заңның солқылдақтығы қарақшылық өнімдердің таралу деңгейінің өсуіне әкеліп отыр. Осы жылдың тек соңғы алты айының өзінде Қазақстандағы түрлі деңгейдегі соттарға зияткерлік меншігінің бұзылғандығы туралы 40-қа жуық арыз-шағым түскен. Авторлық және аралас құқықты қорғау қауымдастығының келтірген дерегіне сүйенсек, 2003 жылы Қазақстандағы мультимедиялық өнімдердің жалпы көлемі 50 млн. экземплярды құраған. Осы өнімдердің 70 пайызы лицензиясыз өнімдер болған.

Компьютерлік клубтарда техник болып қызмет ететтін Ұлан Аманжолұлыда бүгінде ақпараттық технология саласында қарақшылық өнімдерді кең таралып отыр дейді:

-Өйткені “Майкрософт” компаниясының өнімдерінің ең арзаны 24 мың теңге тұрады. Ол бір компьютерге ғана орнатылады. Және қысқартылған версиясы 6 мың теңге тұрады. Ал осы өнімдердің қарақшылық жолмен таратылатындары көтерме сауда базарында 450-500 теңге ғана тұрады. Соны қолданамыз. Қалада сатылады, қазірде табуға болады.

Орталық базарда комьпютерлік бағдарламалар сатуып алушы мына азамат болса, лицензиясыз таралатын өнімдер халықтың қалтасына тиімді дейді. Сонымен қатар ол қарақшылық өнімдер кең таралып отырғанымен халықтың негізгі сұранысын қанағаттандырып отырған да солар дейді:

-Вирустарға қарсы бағдарлалар жиынтығын сатып алдым. “Майкрософт” компаниясының бір жүйеге арналған осындай бағдарламасы 50-70 долллар тұрады. Ал лицензиясыз алатын болсаң оны бір дискіде 5-6 бағдарламаның жиынтығын 300-500 теңгеге сатып алуға болады. Бұл бізге тиімді.

Түрлі ақпараттық-технологияларға қажетті өнімдер сататын дүкеннің сатушысы болса, лицензиясыз өнімдерді ашық түрде сатып алуға ұсынушыларда табылады дейді:

-Аласыз ба деп, сырттан келіп тұрады. Сатушы болғандықтан оны сатып алуға біздің құқығымыз жоқ. Ол тұтынушыларды арзандығымен қызықтырады.

Осы орайда біздер қатардағы азаматтармен тілдесіп, күнделікті өмірде пайдалантын түрлі аудио-видио жазбаларды кассеталарды қайдан сатып алатындықтары жөнінде сұраған едік.

-Арзан болған соң базардан сатып аламыз. Лицензиясын да сұрамаймыз. Жалпы менің ойымша кім қайдан сатып алса да өзі біледі ғой.

-Аудио-видео таспаларын арнайы дүкендерден сатып аламыз.