141 депутаттық орны бар Литвалық парламент – Сеймдегі 66 орынның иегері бүгінгі дауыс беру нәтижесінде анықталуы тиіс. Сайлаудың алғашқы кезеңінде жаңадан құрылған Жұмысшы партиясы парламенттегі 23 орынды жеңіп алып бірінші боп келсе, билік басында болып келген Социал-Демократиялық партия мен Жаңа Одақ партиясының коалициялық одағы 19 орынды, ал оппозициялық Консервативтік партия 11 орынды иеленген еді.
Бүгінгі дауыс беру нәтижелері Астана уақыты бойынша түнгі 1ден кейін анық болмақ.