Бұған дейін көптеген дипломаттар айтқанындай, Иран бұл ұсынысты қабыл алмаған жағдайда Еуропа Одағы елдерінің көпшілігі қарашаның 25інде өтетін Халықаралық Атомдық Энергия Агенттігінің отырысында Иранды Б.Ұ.Ұ. Қауіпсіздік Кеңесіне салып, бұл елге қарсы экономикалық шектеу шараларын енгізу жөніндегі Американың ұсынысын қолдауы мүмкін.
Мәлім болғанындай, Америка Иранды ядролық бағдарлама арқылы өзіне атомдық қару жасап алмақ жоспарда айыптап келеді. Иран болса, атомды тек бейбіт мақсатта, энергиялық қуат көзі ретінде ғана пайдаланбақ жоспары барын айтып келеді.