Журналистердің халықаралық федерациясы Украина басшылығын ақпарат құралдарына қысым көрсеткені үшін сынға алды

Журналистердің халықаралық федерациясы Украина басшылығын ақпарат құралдарына қысым көрсеткені үшін сынға алды. Өткен аптада Украина басшылығы тәуелсіз “Бісінші телеарна” телекомпаниясын хабар тарату лицензиясынан айрып, банкт есеп-шоттары жапты. Халықаралық федерацияның Бас хатшысы Эйдан Уайт: “Мұндай ахуал – демократиялық жариялылыққа ұмтылған ел үшін үлкен жанжал”, -деп мәлімдеді.