Палестина өкілдерінің хабарлауынша, 75 жастағы автономия лидері Ясир Арафат жаңа дәрігерлік тексеруден өтті

Палестина өкілдерінің хабарлауынша, 75 жастағы автономия лидері Ясир Арафат жаңа дәрігерлік тексеруден өтті. Тунис пен палестиндік дәрігерлер Арафаттың асқазаны мен ішектерін тексеріп, ешқандай сырқаттың нышанын таппаған. Ясир Арафаттың көмекшілері хабарлағандай, Палестина жетекшісі тұмауға ұқсаған сырқаттан мазасызданып жүрген көрінеді.