АҚШ дипломаты Ричард Армитидж халықаралық терроризмге қарсы күрес пен басқа да маңызды мәселелерді талдау мақсатымен осы аптада Ресей мен Қазақстанға сапарға баруды жоспарлап отыр. АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Мәскеуге бүгін ұшып шығып, терроризмге қарсы АҚШ-Ресей жұмысшы тобына Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Кислякпен бірге тең төрағалық етеді деп күтілуде. Ричард Армитидж, сондай-ақ, Ресейдің басқа да ресми өкілдерімен екі жақты кездесулер өткізеді.