Франция президенті Жақ Шырақ пен Германия канцлері Герхард Шредер Берлиндегі Француз-Герман саммитінен кейін Түркия бас министрі Режеп Тайып Ердоғанмен кездеспек. Германия канцлері Түркияның ЕуроОдаққа кіруін қолдайтын жетекшілердің бірі. Ал Франция президенті болса бұл мәселені Франция азматтарының референдум пікірі арқылы шешу қажет дейді. Пікірнама нәтижелеріне қарағанда, онда Түркияның ЕуроОдақ мүшелігіне көпшілік қарсы дауыс беруі мүмкін екен.