Үміткерлер Джордж Буш пен Джон Керридің екеуіде сайлаушылардың қызығушылығына жақын жағдайда ие болып отыр. АҚШ президенті Джордж Буш және Демократиялық партияның үміткері, сенатор Джон Керри кеше Флорида және Огайо штаттарына бірінің ізін бірі басып барды. Осы екі штаттағы сайлау додасы аса қиын болмақ. Джордж Буш сайлаушыларға қайрылып, терроризмге қарсы соғыс жүргізген жөн, Америка идеалдарын биік ұстау қажет десеңіздер маған дауыс беріңіздер деді. Джон Керри президент Буш төрт жыл ел басшылығында халықты жіктеді деп айыптады. Осама бин Ладеннің жарияланған бейнетаспасы жөнінде екі үміткерде террористердің көзін құртқан жөн деді.