Өзбекстанның Қоқан қаласында бірнеше мың адам наразылық шеруіне шықты

Бүгін Өзбекстанның Қоқан қаласында бірнеше мың адам наразылық шеруіне шықты. Импорттық тауарларға салықтың жаңа түрін салу туралы нұсқауға наразылық білдірген 2 мыңға жуық адам, басым көпшілігі әйелдер, жолда милицияның бірнеше автокөлігін төңкеріп, жергілікті әкімшілікті таспен атқылады. Шеруге шыққандардың басым көпшілігі - өзбек үкіметінің пікірінше, базарларда арзанқол қытай тауарлары мен заттарын сатқан саудагерлер құраған.