Украина парламенті президенттік сайлауда бұрмалаушылық көп болды деген шағымдарды талқылайды бүгін.
Бас министр Виктор Янукович және оппозиция басшысы Виктор Ющенко 21-ші қарашада қайта дауысқа түседі деп жарияланды. Олардың екеуіде шамамен 40 пайыздай дауы ғана жинады. Еуропалық бақылаушылар Украина сайлау науқаны демократия стандарттарына лайық өтпеді, мемлекет баспасөзі бас министр Виктор Януковичке басым қолдау көрсетті, үкімет орындары бас министрдің мүддесіне қызмет етті деп сипаттады. Украина сайлауы еркін және әділ болған жоқ деп Америка Құрама Штаттарының сыртқы істр министрлігі де айтты. АҚШ ресми өкілі Адам Ерели енді сайлаудың екінші кезеңін мұқият бақылаймыз деді. Сайлау әділ өтпесе Украинаға қарсы шара қолданамыз деп АҚШ ескерткен болатын.