БҰҰ-ының Женевадан хабарлауына қарағанда, Суданның соғыстан жүдеген Дарфур өлкесінде Суданның полициясы мен армиясы босқындардың бірнеше лагерін қоршауға алды. Халықаралық қайырымдылық азық-түлік ұйымдарының өкілдері өздерінің қайырымылық топтарымен байланыса алмай отырғандарын мәлімдеуде. Олардың пікірінше, босқындар күштеп қоныс аударылып жатқан сияқты және Ниала аймағындағы босқындар лагерлерінде қанша халықтың болғаны да беймәлім болған.