Ирақтың уақытша премьер-министрі Айад Аллауи бүгін сапармен Римге табан тіреп, жеке-жеке Италияның премьер-министрі Сильвио Берлусконимен және Ватикада Рим Папасы Йоанн ІІ Павелмен кездесті. Ирақтағы АҚШ армиясының жақын одақтасы болып табылатын Италия премьері Берлускони Аллауимен Римдегі келіссөзінен кейін Италия өзінің 3 мыңдық күшін Ирақ үкіметіне қажет болғанша елде ұстайтынын мәлімдеді. Ал Рим Папасы Ирақ үкіметінің елде этникалық пен діни төзімділіктің дәнін сеуіп, адам құқықтарын қорғайтын демкратиялық мекемелерді құруға бағытталған іс-шарасына қолдау білдірді.