Байқоңырдағы радиоактивтік қалдықтар Семей полигонында көміледі

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ
Байқоңыр ғарыш айлағын құрамында радиоактивтік элементтері бар материалдардан тазартуға бағытталған жұмыстар аяқталуда. Қазан айында ғарыш айлағында «Радон» ғылыми-өндірістік бірлестігінің бригадасы жұмыс істеп радиоактивтік қалдықтарды тасымалдауға әзірледі. Семей полигонында жұмыс істейтін қазақстандық мамандар қазаннның 29-ында ғарыш айлағы аумағынан үлкен көлемдегі қалдықтарды шығарды. Қалдықтарды Семей полигонына жасырған топ радиактивтік қалдықтардың соңғы бөлігін әкету үшін ғарыш айлағына оралады. Бұл туралы ақпаратты «Вымпел» тәжірибелік-конструкторлық бюросының эксплуатация және сынақтар орталығының баспасөз қызметі таратты.

Аталған ақпарат көзінің дерегіне қарағанда Кеңес Одағы дәуірінен қалған ионды сәуле көздерін сақтау үшін ғарыш айлағында 94А алаңында арнайы орын жасақталыпты. Ресейлік және қазақстандық мамандар ғарыш айлағының аталған алаңындағы радиоактивтік қалдықтарды сақтау бөліміне өлшеу жұмыстарын жүргізгенде алаңдағы гамма-сәулелердің қуаты табиғи радиациялық фон аясынан шықпағынын, ал қойма едені мен қабырғаларының радионкулиттермен ластанбағанын көрсеткен.

Комиссия рекультивациялық жұмыстардан соң 94А алаңы аумағын өндірістік және шаруашылық мақсаттағы жұмыстарға шектеусіз пайдалануға болады деген қортындыға келіпті.

Байқоңыр ғарыш айлағындағы радиоактивтік қалдықтарды Семей полигонына апарып көму мәселесі жайында құзырлы орындардан ақпарат алу мүмкін болмады. Ал, Шығыс Қазақстан облысынан Парламент Сенатының депутаты болып отырған Зәуреш Батталова бұл мәселені алдағы күндерде тиісті орындар алында қоюды көздеп отыр.

Қызылорда облысынан парламент Сенатының депутаты болып отырған Бақберген Досмамбетов Байқоңырда жиналып қалған Кеңес Одағынан бергі келе жатқан қалдықтар әйтеуір бір жерде көмілуі керек. Кеңес Одағы кезінде дегенімен де көп жылдан бері Ресейдің ғалымдары,әскери қызметкерлері ғарышты игеріп жатқандықтан қалдықтарды өз еліне апарып залалсыздандырғаны дұрыс болар ма еді, дейді.

«Жасылғаламшар» қоғамдық қозғалысының өкілі Мұсағали Дуамбетов Байқоңырдағы радикативтік қалдықтардың Семей полигонына апарып көмілуіне қарсы. Ресейдің Байқоңыр ғарыш алаңын жалға алғаны экономикалық тұрғыдан бізге тиімді шығар, бірақ экологиялық мәселесін тең қарастырып отыру қажет. Әйтпесе, біз ертеңгі күні қалдық мемлекетке айналамызда инвестиция салатын елдер бізге ешқандай қаржы бермейді деген пікірді айтты.

Ол радиактивктік қалдықтарды техонология бойынша көму керек, маңайы қоршалған болуы қажет дейді. Ал, депутат Зәуреш Батталова Семей полигонының айналасы қашан қоршалады деген мәселені бірнеше рет көтеріп келемін деп отыр.

Тәуелсіз эколог Молдағали Масханұлы Семей полигонының зардабы талай адамдарға зиянын әкелді. Ол жерге радиоактивтік қалдықтарды апарып көму, қатыгездік болар еді, деген пікірде. Аталған мәселеге байланысты жұртшылық өкілдерінің пікірін білгенімізде олар мұндай істі құптамайтындарын білдірді.

Сенат депутаты Зәуреш Батталова Семей полигонын жаптық деп Президент, үкімет мақтаныш етіп айтқанымен бұнымен мәселе әлі шешілген жоқ полигонды толық қоршап, онда халық бармайтындай етіп жасамай, радиоактивтік фонды зерттеп, бір қалпына келтірмей біз полигонның әсері халыққа тимейді деп айта алмаймыз деді.