Иран ядролық мәселесі үшінші рет қаралып жатыр

Иран өкілдері бүгін Парижде Иран уран байыту қызметін тоқтату мәселесін Британия, Франция, Германия өкілдерімен үшінші рет талқылап жатыр. Мұның алдында Венада өткен екі келіссөз сәтсіз аяқталған. Иранға саудасаттық қатынастары және технологиялық көмек ұсынылды, есесіне Иран атом байыту қызметін анық тоқтату керек. Уран байыту ядролық қару өндірісіне жарамды. Иран ядролық қару өндіріп отыр деп АҚШ мәселені Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесіне шығармақ. Иран айыпты жоққа шығарады әдетте. Голландия сыртқы істер министрі Бернерд Бот Еуропа Одағының саммитінде сөйлеген сөзінде Иран ядролық бағдарламасы мәселесінде шешім табуға дипломатиялық шараларды жалғастыруға шақырды. Еуропа Одағының кезекті президенттігі Голландияға өтіп жатыр қазір.