АҚШ солдаттары Фалужа қаласын қоршауды одан әрі жалғастырып, ол қалаға басып кірулері мүмкін

Бұдан бұрын олар қаладағы бас ауруханаға және қаланың батыс жағындағы Ефрат өзені арқылы өтетін екі көпірге бақылау орнатқан болатын. Әскерилер есептеріне қарағанда, қалада бірнеше мыңдаған жауынгерлер тығылып жүр. Ал, 250 мыңнан аса тұрғындар болса қазірдің өзінде қаладан шығып кеткен. Ирақ өкімет басшысы Лиад Аллауи кеше елде 60 күнге Төтенше жағдай жариялады. Сондай-ақ Фалужа қаласын алу ісінің ұзаққа созылмасына сенім білдірді. Ол сондай-ақ, жерден шабуылдар бастауға бұйрық берді.