Оппозициялық бағытты ұстанатын кейбір басылымдар Қазақстан билігінің кезінде шекарашылар қан төккен Жалаңашкөлді Қытайға беріп жібергендігі туралы деректер келтіріпті. Экс-спикер Жармахан Тұяқбай Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жеке тұлғаға табыну жолын таңдады деп мәлімдесе, Президенттің кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев Жармахан Тұяқбайды мұндай мағынадығы мәлімдеме жасауға “Ақ жол” партиясының басшылары итермеледі деген пікір білдіріпті.
“Дат”, “Солдат” басылымдарының заңды мұрагері болып табылатын, жаңадан жарыққа шыққан “Жұма таймс немесе Дата недели” апталығының соңғы санында Қазақстан билігінің кезінде шекарашылар қан төккен Жалаңашкөлді Қытайға беріп жібергендігі туралы деректер келтіріліпті. Мақала авторының айтуынша, сан мыңдаған жылдар бойы баһадүр батырлар қызғыштай қорғап келген қазақ жерін қазіргі билік Қытайларға тегін бере салған. Газет тілшісінің хабарлауынша, Қазақстанның жері жалғыз Қытайға ғана емес, бұдан бұрын Өзбекстан мен Ресейге берілген көрінеді. “Достық” бекетіндегі тұрғылықты адамдардың айтуына қарағанда, Қытаймен екі ортадағы жер бөлісі кезінде - Қазақстанның ең шұрайлы, жабайы аңға бай және жер асты қазба байлықтарға тұнып тұрған ғажайып жерлері Қытайға өтіп кете берген. Мақала соңында газеттің келесі санында осыған орай журналисттік зерттеудің жарық көретіндігі баяндалыпты.
Шекара мәселесіне назар аударған “Жас алаш” басылымының сейсенбілік санында “Шекара Жалаңаш жатыр” деген мақала жарық көріпті. Аталмыш мақалада Ресей және Қытай секілді екі алып мемлекет шекараларын барынша нығайтып, қақпасына құлып салып жатқан тұста, Қазақстан мемлекетінің шекаралық аудандарды таратып, саналы түрде ел іргесін жалаңаштап қойғандығы айтылыпты. Мақала авторы жұмыссыз қалған халықтың шекаралық аудандардан үдере көшіп жатқандығын айта келіп, бұл ахуалдың келешекте Қазақстан мемлекетінің қауіпсіздігіне үлкен қатер туғызуы ықтимал екендігіне тоқталыпты. “”Егер осылай жалғаса беретін болса, шекаралық аймақтарда ешкім қалмауы мүмкін. Демек қаңырап қалған бос жерлерге көрші халықтың көз тікпесіне, ретін тауып жалға алып, одан соң басы бос жергілікті әйелдермен қосылып, әлгі жерлерді солардың атынан сатып алып, кейін меншіктеп кетпесіне, сөйтіп қазақ жеріне тереңдеп тамыр жаймасына кімнің көзі жетеді” дейді мақала авторы.
Сонымен қатар “Жас алаш” басылымының сейсенбілік санында Мәжілістің бұрынғы төрағасы Жармахан Тұяқбаймен жүргізілген сұхбат жарық көріпті. Газет тілшісіне берген сұхбатында Жармахан Тұяқбай бүгінгі таңда Қазақстанда екі бағыттың, яғни жеке адамға табыну және әртүрлі көзқарастардың болғандығын қалайтын демократиялық бағыттың бар екендігін айта келіп, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алғашқы бағытты қалады деген пікірін білдіріпті. “Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алғашқы бағытты таңдағаннан кейін, мен олармен бірге бола алмайтынымды айттым” дейді мәжілістің бұрынғы төрағасы Жармахан Тұяқбай. Сондай-ақ мәжілістің бұрынғы төрағасы Жармахан Тұяқбай “Жас алаш” газетіне берген сұхбатында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізіп жіберуі мүмкін екендігін де жоққа шығармапты. “Президенттің ертең сайлау өткізем десе де еркі бар. Наурызыңыз не, “алдағы желтоқсанда өткізейік”деген мәселені Парламенттің алдына қойса, Парламент бірауыздан шешім қабылдай салады” дейді Жармахан Тұяқбай.
Президенттің кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев “Литер” басылымының сейсенбілік санына берген сұхбатында экс-спикер Жармахан Тұяқбайдың мәлімдемесіне байланысты өз ойын білдіріп өтіпті. Ермұхамет Ертісбаев мәжіліс бұрынғы төрағасы Жармахан Тұяқбай мемлекеттегі үшінші адам болғандықтан бұл мәселені сайлау өтпей тұрып көтергені дұрыс болар еді де есептейді. Ермұхамет Ертісбаевтың айтуынша, экс-спикер Жармахан Тұяқбай басқа саяси топқа қосылуға ниет білдіргендіктен осындай қадамға барып отыр. Президенттің кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев сайлаудың бірінші туры өткеннен кейін, онымен телефон арқылы байланысқандығын, ол уақытта оның көңіл –күйінің жақсы болғандығын атап өтіпті. Сондай-ақ президенттің кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев кейбір сенімді адамдардан экс-спикер Жармахан Тұяқбайдың мұндай мағынадағы мәлімдеме жасардың алдында “Ақ жол” партиясының өкілдерімен кездескендігі туралы ақпар алғандығын тілге тиек етіпті. Оның пікірінше, экс-спикер Жармахан Тұяқбайды мұндай мәлімдеме жасауға “Ақ жол” партиясының өкілдері итермелеп отыр.
“Казахская правда” басылымы мәжілістің бұрынғы төрағасы Жармахан Тұяқбайды мұндай мәлімдеме жасауға “Ақ жол” партиясының тең төрағасы Алтынбек Сәрсенбайұлы итермеледі деген пікір білдіріпті. Мақала авторының айтуынша, мәжіліс төрағасы Жармахан Тұяқбай мен “Ақ жол “партиясының тең төрағасы Алтынбек Сәрсенбайұлының арасында мұндай мағынадығы мәлімдеме жасалардың алдында келіссөз жүргізілген.
Ал, оппозициялық бағытты ұстанатын басылымдардың бәрі де “Ақ жол” демократиялық партиясының сайлау әділетсіз және бұрмалаушылақтар негізінде өткендігіне байланысты бүкілхалықтық референдум өткізу туралы бастама көтеріп отырғандығын хабарлапты. “Сөз” газетінің хабарлауынша, Заң бойынша, бүкілхалықтық референдум өткізу үшін 200 мың қол жинау керек. Ал, Орталық сайлау комиссиясы жиналған қолды тіркеп, оны Қазақстан президентіне беруі тиіс.
“Ақ жол Қазақстан” басылымы болса “Ақ жол” демократиялық партиясының бүкілхалықтық референдум өткізу туралы бастамасын басқа да оппозициялық партиялардың қолдап отырғандығына айрықша тоқталыпты.