Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығы айтып өткендей, лаңкестік топтың мүшелерін тұтқындау арқылы, Қазақстанның арнайы қызметтері көршілес Өзбекстанның жоғары лауазымды тұлғаларына қарсы дайындалған кезекті лаңкестік әрекеттің алдын алды. Лаңкестік ұйымның басшылары оны биылғы жылдың соңына дейін өткізуді жоспарлаған деп хабарланып отыр. Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Владимир Бошко айтып өткендей осының барлығы Қазақстанда лаңкестіктің қаупі бар екендігін айғақтайды.
Қазақстандық саясаткерлердің бірі Дос Көшімнің пікірінше, сот үкімі шығарылмаған, толық дәлелденбеген ақпаратты жариялауда басқа мақсат болуы мүмкін:
- 80 жуық «хизбут-тахрир» адамдарның кінасына күмәнім бар. Бұл компанияға ұқсайды.
Топ мүшелері дінге шексіз берілген адамдарға құран сүрелерін бұрмалап лаңкестікке уағыздаған деп хабарланып отыр. Қазақстан заңдары бойынша адамдар діни көзқарастары үшін қудаланбайды. Бірақ, көптеген адамдар діннің негізін анық түсінбейді. Рухани басшылардың барлығы бірдей дінге сенушілерге әрдайым оның нақты негізін жеткізіп айта бермейді. Осы олқылықтарды пайдаланған лаңкесшілер оларды экстремистік мақсатта падаланады, дейді комитет басшылығы. Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Қозы-Көрпеш Қарбозовтың айтуынша, лаңкесшілердің адамдарды өз жағына қаратуында дін уағыздаушыларының кемшін тұстары бар:
- Қазақстанда дінге берілуде қарсылық жоқ. Бірақ, уағыздау аз.
Қазақстанның мұсылмандар діни басқармасының уағыз насихат бөлімінің меңгерушісі Әдбімүтәліп Дәуренбековтің пікірінше, іслам дініндегі барлық мәліметті толық білу қиын. Бірақ, Қазақстанда іслам дінінен хабардар болам деген адамға шектеу жоқ, бұл саладағы әдебиетте бастан асады, дейді ол:
- Бұл насихатты үйіп-төгуге болмайды.
Тұтқындалған топ құрамында Қазақстанның 9 азаматы және Өзбекстанның 4 азаматы бар. Оның сыртында, жанпидашы ретінде дайындалған Оңтүстік Қазақстан облысында тұрған 4 әйел ұсталды. Бұл әйелдер тұрмысы төмен, сыртқы әсерге берілгіш, ажырасқан, қолдарында кішкентай балалары бар әйелдердің ішінен іріктелген, дейді комитет басшылығы. Сондықтан, әзірге, тергеушілер оларды лаңкесшілердің құрбандары ретінде қарастырып отыр. Қазақстандық саясаткерлердің бірі Дос Көшімнің пікірінше,Қазақстанда дінді мемлекет қадағалап отыруға тырысады. Билік мүфтиді сайлайды. Ал халық осындай дінен безіп, тіүрлі сектолар іздей байтайды, дейді саясаттанушы:
- Егер егер діннің таралу ғана болса, бұл болмас еді. Билік, мұны өзі істеп отыр.
Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің іздестіру шаралары барысында, лаңкестікке уағыздайтын әдебиет, бейне және аудиотаспалар, жалған төлқұжаттар, жарылғыш заттардың тетіктері мен оқ-дәрі тәркіленген. Оның ішінде Усама Бен Ладеннің лаңкестікке уағыздайтын мәліметтері бар, деп хабарланып отыр. Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Қозы-Көрпеш Қарбозовтың айтуынша, топ мүшелері кезінде шағын діни топтарда болған:
- Ұйым мүшелері жасырын худжырларда оқып жүргенде, лаңкесшілердің көзіне түскен.
Қазақстанның мұсылмандар діни басқармасының уағыз насихат бөлімінің меңгерушісі Әдбімүтәліп Дәуренбековтің пікірінше, лаңкестікті болдырмаудың тағы бір амалы бар:
- Шеттен келген ағымдарды тоқтату керек.
Тұтқындалған адамдардың мәліметіне сүйенсек, лаңкестік әрекетке қатысу әрекеттері мұсылмандарға қысымшылық жасап отырған, Өзбекстан билігіне және олардың ойынша, Америка Құрама Штаттары, Ұлы Британия және Ізраиль сияқты іслам жауларымен күресу керек деген ұғымда жасалған. Қазіргі уақытта комитет тергеушілері осы топ мүшелері Өзбекстандағы Бас прокуратура ғимаратында, АҚШ пен Ізраиль елшіліктерінің алдында жарылыс ұйымдастырған деп отыр. Өзбекстан азаматтары сол елге жіберіледі, ал Қазақстан азаматтары қылмыстық кодекстің 7 бабы бойынша сотталады.Қазақстан заңдарына сәйкес, лаңкестікпен айналысқан адам 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуңы мүмкін. Немесе өлім жазасына кесіледі. «Азаттық радиосы үшін, Астанадан Бауыржан Шаяхмет.