Танктер мен соғыс тікұшақтарының қолдауына сүйенген Израиль армиясы бүгін Газа аймағына жорық жасады

Танктер мен соғыс тікұшақтарының қолдауына сүйенген Израиль армиясы бүгін Газа аймағына жорыққа шықты. Куәгерлердің айтуынша, оның барысында 2 палестиндік оққа ұшып, жетеуі жараланды. Бұл жорық – Палестина автономиясының президенті Ясир Арафаттың қаза болғаны туралы хабардың артынша жасалып отыр. Армия өкілдерінің мәлімдеуінше, Шейх Эджилинге палестиндіктердің Незарим еврей қонысына қарсы шабуыл әзірлеп жатқаны мәлім болған соң аттандырылған көрінеді.