Франция өкіметінің ұшағы Қайыр қаласына Палестина басшысы Ясер Арафаттың денесін жеткізген болатын

Мысырда болатын жаназа шығару барысында оның мәйіті жанында әскери барлық салтанатты рәсімдер атқарылмақшы. Бұл үдеріс жұма күні Астана уақыты бойынша, түстен кейінгі сағат екіде жүзеге аспақшы. Оған 50-ден аса мемлекеттер басшылары, министрлері мен дипломаттар қатыспақшы. Марқұмның денесі содан кейін ғана Рамаллах қаласында жерге табыс етілетін болады.