Соңғы уақыттары Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласында еңбек етіп жатқан инвесторлардың мемлекеттің заңдарын орындамай отырғандығы жиі айтылып келген болатын. Енді нақты әрекетке көшкен елдегі салық органдары белгілі бір нәтижеге қол жеткізгендерін жариялап отыр. “Ел үкіметімен 1999 жылы жасалған келісім-шартта көрсетілген жеңілдіктерді мерзімі өтіп кетсе де пайдалана берген” деп Parker Drilling компаниясын сотқа берген Маңғыстау облыстық кедендік бақылау департаменті барлығы 812 млн теңгені құрайтын салықтарды аталған компанияның төлей бастағандығын мәлімдеді.
Қашаған кенішін игеріп жатқан Agip халықаралық консорциумына қызмет көрсетуші АҚШ-ның Parker Drilling компаниясынан былтырғы жылдың қараша айынан бастап салық режиміндегі жеңілдіктері алынып тасталған болатын. Соған сәйкес осы мекеме 4 ай ішінде 582 миллион теңге кедендік төлемдерді төлеуге міндетті еді. Бірақ олар бас тартқан соң, облыстық кедендік бақылау департаменті сотқа беріп, Түпқараған аудандық сотының шешімі бойынша 230 млн. айыппұлға қоса, барлығы 812 млн теңге салықтарды төлеуге міндеттелді. Дегенмен компания бұл соманы біраз уақытқа дейін төлемей келіп барып жақында ғана өз міндеттемесін орындауға кірісіпті. Содан кейін ғана аталған компания бастапқы өз жұмысын атқаруға жіберіліп отыр. Бұл компаниядан басқа қазір бірнеше шетелдік компаниялармен де соттасып жатырмыз дейді Маңғыстау облыстық кедендік бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Рахат Қосбармақ.
Сондай-ақ жақында “Қазақойл” ұлттық мұнай компаниясының президенті Ұзақбай Қарабалин “Теңізшевройл” компаниясымен қазақстандық салық органдарының арасындағы келіссөз бітпей тұрып, ол жайында ештеңе айта алмайтындығын жеткізген.
Біз енді осы жайттарға орай Қаржы министрлігінің жанындағы мұнай мәселелерінің салығымен айналысатын комитетке хабарласқанымызда, басқарма бастығы Марат Жексенбин ауызша ешқандай ақпарат бермейтінін жеткізді.
Бұл мәселеде енді елдің жоғарғы билігі қаттырақ талап қою қажет дейді академик Надір Надіров.
Алайда бұндай мәселелердің туындауына себепкер о баста жасалған келісімшарттарды қайта қарау қажет дейді экономика ғылымдарының докторы, профессор Сағындық Сатыбалдыұлы.
Сөйтіп осы айдың аяғында тағы басқа көптеген шетел компаниялармен болған соттардың шешімін хабарлаймыз дейді Маңғыстау облыстық кедендік бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Рахат Қосбармақ.
Арнайы “Азаттық” радиосы үшін, Алматыдан Болатбек Төлепберген.