Мерзімді басылымдар Наурыз-банк төңірегінде болып жатқан оқиғаларға айрықша назар аударыпты. Кейбір тәуелсіз басылымдар Қазақстан Президенті әкімшілігінің жетекшісі Иманғали Тасмағамбетов, Ұлттық Банктің төрағасы Әнуар Сәйденов пен Қаржылық бақылау агенттігінің төрағасы Болат Жәмішовтың көмегінің арқасында “Наурызбанктен” өшін алуға кірісті деген болжам жасапты.
“Жас алаш” басылымының сенбілік санында жарық көрген Шыңғыс Мұқайдың мақаласында, егер де үш айдың ішінде “Наурызбанктің” жағдайы қалпына келмесе, оның жабылып қалуы мүмкін екендігі тілге тиек етіліпті. Шыңғыс Мұқай өз мақаласында “Наурызбанк” төңірегінде туындап жатқан дау-дамайға қатысты Қазақстан Президенті әкімшілігінің жетекшісі Иманғали Тасмағамбетовтың атының жиі айтылып жүргендігіне айрықша назар аударыпты. Мақалада келтірілген деректерге жүгінсек, өткен маусым айында экс-депутат Төлен Тоқтасыновтың “Наурызбанктің” басшысы Оразалы Ержановтың Қазақстан Президенті әкімшілігінің жетекшісі Иманғали Тасмағамбетовтан қорғауын сұрап, Мемлекет басшысының атына хат жазуы, ақыр соңында “Наурызбанкті” тығырыққа әкеліп тіреп отыр. Мақалада мысалға келтірілген оқиғаның тарихын қысқаша баяндайтын болсақ, 2002 жылы сол кездегі премьер-министр Иманғали Тасмағамбетов пен Қазақстан темір жолының басшысы Ерлан Атамқұлов осы банктің акционері болғысы келетінін айтып “Наурызбанкке” 25 миллион доллар қосатын болып келіскен. Оның 10 миллион долларын ғана банкке қосып, қалғанын кейін беретін болған. Иманғали Тасмағамбетов әр түрлі топтармен келіссөздер жүргізгенімен, олар мұндай қомақты қаржыны тауып бере алмайтындықтарын айтқан. Мақала авторының айтуынша, Иманғали Тасмағамбетов “Наурызбанкке” салған он миллион долларын қайтарып алуға әрекет жасағанымен, ақша айналымға кетіп қалған. “Жас алаш” басылымының хабарлауынша, осы оқиғадан кейін, бас прокуратурадан бастап, мемлекеттік органдар “Наурызбанкті” әкімшілік қыспаққа алған.
“Начнем с понедельника” апталығы Қаржылық бақылау агенттігінің төрағасы Болат Жәмішовтың таяуда болған саяси жанжалдың бұл оқиғаға еш қатысы жоқ деп мәлімдегендігін хабарлапты. Газетте келтірілген Қаржылық бақылау агенттігінің мәліметтеріне жүгінсек, наурыз айында болған тексеріс барысында банктің жұмысында өрескел қателіктердің кеткендігі анықталған. Газет тілшісінің хабарлауынша, “Наурызбанк” жұмысының тоқтатылуы оның салымшыларына ауыр соққы болып тиіп отыр. Өйткені “Наурызбанктің” жұмысы уақытша әкімшіліктің құзырына берілген тұста, бұрын соңды жасалған операциялардың бәрі де өз жұмысын тоқтата тұрады.
“Панорама” апталығы “Наурызбанк” төңірегінде болып жатқан оқиғада саяси астардың бар екендігін жоққа шығаруға болмайды деген ақпарат таратыпты. “Панорама” апталығының хабарлауынша, “Наурызбанктің” жұмысы уақытша әкімшіліктің құзырына өткен күні, оның ғимаратын жарты сағат бойы полиция қызметкерлері қоршап алып, ешкімге кіруге немесе шығуға рұқсат етпеген.
Газет тілшісінің айтуынша, алдағы үш айдың ішінде жеке және заңдық тұлғалар “Наурызбанкке” салған қаржы-қаражаттарын ала алмайды. “Егер де консервация режимі жақсы нәтиже бермесе, банктің жұмысы тоқтатылып, оның лицензиясы қайтарып алынады” дейді мақала авторы.
Бұл тақырыпқа айрықша назар аударған “Республика” басылымының бірінші бетінде жарық көрген Дулат Мұсатаевтың мақаласында Қазақстан Президенті әкімшілігінің жетекшісі Иманғали Тасмағамбетов, Ұлттық Банктің төрағасы Әнуар Сәйденов, Қаржылық бақылау агенттігінің төрағасы Болат Жәмішовтың көмегінің арқасында “Наурызбанктен” өшін алуға кірісті деген болжам жасалыныпты. Мақала авторының айтуынша, Парламент сайлауының алдында Қазақстан Президенті Әкімшілігінің жетекшісі Иманғали Тасмағамбетов “Наурызбанктен” ала алмаған он миллион долларын, кейінге қалдырған. Мақала авторы Қазақстан Президенті Әкімшілігінің жетекшісі Иманғали Тасмағамбетов Мемлекет басшысының немесе оның отбасының келісімінсіз мұндай қадамға бара қоймас еді деген қорытынды жасапты.
Экс-депутат Төлен Тоқтасынов “Республика” басылымына берген шағын сұхбатында “Наурызбанктің” басшысы Оразалы Ержановтың Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан көмек сұрап хат жазуы оқиғаның осылайша өрбуіне себеп болды дегенді айтыпты. Төлен Тоқтасынов бұл даулы оқиғаның артында Қазақстан Президенті әкімшілігінің жетекшісі Иманғали Тасмағамбетовтың тұрғандығын жоққа шығаруға болмайды деп санайды екен. Сондай-ақ Төлен Тоқтасынов бұл оқиғаны түбегейлі зерттегендігін, дәл қазіргі уақытта “Наурызбанктің” жұмысын тоқтатып, оның өкілеттілігін уақытша әкімшіліктің қолына беру қажеттілігінің туындап отырмағандығын атап өтіпті.
“Жұма таймс немесе Дата недели” апталығы бейресми ақпарат бұлақтарының Қазақстан Президенті әкімшілігінің жетекшісі Иманғали Тасмағамбетовтың қоғамдық телеарна ашқалы жатқандығы туралы ақпарат таратқандығын хабарлапты. Мақала авторының айтуынша, Астанадағы сенімді ақпарат көзінен Иманғали Тасмағамбетов пен Александр Машкевич екеуінің “Хабар” Жабық акционерлік қоғамының біраз акциясын сатып алғандығы белгілі болған. Осыған орай мақала авторы алдағы уақытта Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдарында бақылау жасау тек Иманғали Тасмағамбетовтың құзырына өтуі мүмкін деген қорытынды жасапты. Сондай-ақ мақала авторы “Айқын-Литер” басылымдарының артында да Қазақстан Президенті әкімшілігінің жетекшісі Иманғали Тасмағамбетовтың тұрғандығы туралы деректің бар екендігін айтып өтіпті.