Премьер-министр Ахмад Кураи: президент сайлауы алдағы 9 қаңтарда, ал Палестинаның заң шығару Кеңесіне сайлау – келесі жылдың бірінші тоқсаны ішінде өтедті

Ясир Арафат жерленуінен 1 күн өткен соң Палестина басшылығы оның орнын толтыруға кірісті. Премьер-министр Ахмад Кураи президент сайлауы алдағы 9 қаңтарда, ал Палестинаның заң шығару Кеңесіне сайлау – келесі жылдың бірінші тоқсаны ішінде өтетінін мәлімдеді. Алайда Палестинаның орталық сайлау комитеті басып алынған Шығыс Иерусалимдегі сайлаушыларды тіркеу үшін халықаралық қоғамның көмегі қажет болатынын атап көрсетті. Палестина премьері Ахмад Кураи, сондай-ақ, бүгін АҚШ пен Израильді және халықаралық қауымдастықты Таяу Шығыс мәселесі бойынша бейбіт келіссөздерді қайта жалғастыруға шақырды.