Хасим Дауд: АҚШ армиясы мен Ирақ күштерінің сүннит мұсылмандарының ордасы - Әл-Фаллуджадағы көтерілісті басу үшін жүргізген 6 күндік шабуылы барысында 1 мыңнан астам көтерілісші оққа ұшып, 200-ге жуығы тұтқынға түсті

Ирақтың ұлттық қауіпсіздік мәселесі бойынша кеңесшісі Хасим Даудтың бүгін мәлімдегендей, АҚШ армиясы мен Ирақ күштерінің сүннит мұсылмандарының ордасы - Әл-Фаллуджадағы көтерілісті басу үшін жүргізген 6 күндік шабуылы барысында 1 мыңнан астам көтерілісші оққа ұшып, 200-ге жуығы тұтқынға түскен. Оның пікірінше, кейбір жерлерде қарсылық көрсетіп жатқанын айтпағанда, АҚШ армиясының Әл-Фаллуджаны толық өз қолына алу әрекеті аяғына жетіп қалды. Бірақ, Хассим Дауд атап көрсеткендей, АҚШ армиясына қарсы тосын шабуылдарды ұйымдастырып, шетелдіктерді ұрлап кетуді ұйымдастырған иорданиялық лаңкес Әбу Мұса Әз-Зарқауи қашып кеткен.