Пакістан армиясы өкілінің бүгін мәлімдегеніндей, елдің Оңтүстік Вазиристан өлкесіндегі бүлік осы жылдың соңына дейін толық басылуға тиіс. Генерал Нияз Хаттақтың атап көрсетуінше, аталмыш өлкенің батысындағы бүлікшілердің көбі қансырап, тәртіп орнатылды: “Біз Оңтүстік Вазиристанның айтарлықтай бөлігін босаттық. Біз жергілікті қарулы топтардың басым көпшілігін қансыраттық. Біз олардың негізгі күштерін жойдық. Біз олардың рухын түсірдік...”, -деп мәлімдеді генерал Нияз Хаттақ.