Ирақтағы Исламдық бір топ өкімет басшысы Лиад Аллауидің екі әйел туысын тұтқыннан босатты

Бұл жөнінде араб тілінде хабар тарататын әл-Жазира теле арнасы хабарлап отыр. Бұл топ Аллауи мырзаның 75 жасар немере ағасы Ғази Аллауи және оның әйелі мен келінін сейсенбі күні кепілдікке алған болатын. Ғази Аллауи мырза әлі сол қарулы топ қолында қалуда. Бағдат тарапынан бұл жөнінде қосымша анықтама хабар бола қойған жоқ.