АҚШ президенті Дж.Буш өзінің Ұлттық қауіпсіздік мәселесі бойынша кеңесшісі Кондолиза Райс ханымды К.Пауэлдің орнына мемлекеттік хатшылыққа тағайындайтын тәрізді. АҚШ әкімшілігі өкілдерін сілтеген ақпарат агенттіктері осылай деп хабарлап отыр. Ол жайында ресми түрде бүгін кешірек жарияланады деп күтілуде. Кеше өзінің мемлекетік хатшылықтан кететінін хабарлаған брифингте 67 жастағы К.Пауэлл: “Бұл лауазымда мен бір мезгіл ғана отыруды мақсат еткенмін. Біз Буш екеуіміз бұл мәселені өзара талдап, менің лауазымнан дер кезінде кеткенім дұрыс деген ортақ шешімге келдік”.