Орта мектептерде білім беру сапасы қандай

  • Әселім ҚАЛКЕНҚЫЗЫ
Балалары Астана қаласындағы нөмірі 32-і орыс мектебіне оқитын бірқатар ата-анадан сенатор Уалихан Қайсардың атына осы мектепте орын алып отырған жәйт бойынша шағым хат келіп түсті. Депутаттың айтуынша, екі мың оқушысы бар нөмірі 32-і мектеп директоры Виктор Гродер, оқушылармен қосымша сабақ өткізуге ата-аналарға әр баласы үшін ай сайын 1,5 мың теңге төлеу туралы ұсыныс жасаған. Ата-аналарға мектеп директоры ұсынған келісім шартта көрсетілгендей ата-аналар бұл ақшаны 9 ай бойы төлейді. Парламент Сенатының депутаты Уалихан Қайсар Үкімет басшысы Даниал Ахметов пен Бас прокурор Рәшид Түсіпбековтің атына жолдаған сауалында тегін білім беру жүйесінде мұндай мәселерге жол берілуі қалай деді: Виктор Гродер осыған дейін нөмірі 27-і мектепте директоры болып, осындай әрекеттері үшін жұмыстан шығарылған. Нөмірі отыз жетінші мектепке қайта директоры болып жақында ғана тағайындалған. Бізде білім беру тегін бола тұра, директордың мұндай мәселені көтеруін түсінбедім.

Нөмірі 32-і мектепте екі бірдей баласы оқитын Ләззат Бикенова әр ата-ананың ай сайын 1,5 мың теңге төлеп отыратын шамасы жоқ дейді: Бұған дейін мектепке шаруашылығна екі жүз алпыс теңге төлеп келдік, енді қосымша сабаққа беру үшін мың жарым теңге төлеу деген мен үшін заңсыздық. Мұғалімдер кейде оқушыларға математика пәнін өздерің оқи салыңдар түсінесіңдер дейтін көрінеді. Бұл қандай қосымша сабақ? Ләззат Бикенованың айтуынша, мектеп басшылығы гимназия сыныптарында оқитын балалар 1,5 мың теңгені әкелмесе, олар арнайы қиын балалар оқитын сыныптарға ауыстырылады деген.

Қыркүйек айының 30-ы күні мектеп директоры Виктор Гродер ата-аналармен жиналыс өткізіп, біз қосымша сабақ жүргіземіз ол үшін әр балаға ата-ана ай сайын мың жарым теңге төлейді деп, келісім шартын ұсынды. Бұған бәрі бірдей келіспеді. Директор егер гимназилық сыныптарда оқитын баларға ақша төленбесе, олар есалаңдар сыныбына ауыстырлады деді.

Біз осы мәселе бойынша нөмірі 32-і орыс мектебінің директоры Виктор Гродердің өзіне жолққан едік. Гродер мырза: Мен бұл жерде еш заңсыздыққа жол беріп отырғаным жоқ. Қазақстанның білім беру заңының 45-і бабы бойынша, қосымша пәндерді енгізуде ата-аналардан ақша жинауға болады дейді.

Мен осы мақсатпен ата-аналармен келісім шартқа отырайын деген едім. Бұл жерде бір тиын мектептің шаруашылық саласына жұмсалмайды. Бүгінде мектптепдерде мәдениет, спорт саларында балармен жұмыс істеу жоқ. Қосымша сабақтарда шет тілдерді тереңдетіп оқыту, мектеп оқушыларын өнерге, спортқа баулу тұрғысында жұмыс жасауды көздеген едік: дейді мектеп директоры Виктор Гродер. Ата-аналардан жиналған қаржы мектеп қорына түседі. Ол ақша қосымша сабақ берген мұалімдерге төленеді. Егер мұғалімдерөзі алып отырған еңбекақысынан бөлек 3-5 мың теңге алса оларға көп болмайды ғой, оның да жанұясы бар дейді мектеп директоры.

Арнайы комиссия келіп тексеретін болса, мен ештеңе дәлелдеуге міндетті емеспін. Мен қолымдағы келісім шарт жобасын, қажетті құжаттарды көрсетемін. Мектеп ұжымы қазір мәселенің қалай шешілетінін уайымдауда деді.

Астана қаласының Білім департаменті төрағасының орынбасары Зәуреш Сәйсенқызының айтуынша: нөмірі 32-і мектепте орын алған мәселе байланысты бірқатар ата-анадан келіп түскен шағым бойынша арнайы комиссия құрылып мәселенің мән-жайы анықталуда.

Үстіміздегі жылдың тамыз айынан бастап, нөмірі 32-і орыс мектебінің директоры міндетін атқарып отырған Виктор Гродердің айтуынша, осы білім ордасында қызмет ететін мұғалімдердің ең жоғарғы еңбекақысы 30 мың теңгені, ал ең төменгі еңбекақы 18 мың теңгені құрайды.