Франция үкіметі Ясир Арафаттың сырқаты туралы есепті беру жөніндегі Палестина премьер-министрінің сауалын қанағаттандырмады

Франция үкіметі Ясир Арафаттың сырқаты туралы есепті беру жөніндегі Палестина премьер-министрінің сауалын қанағаттандырмай қалдырды. Еуропа-1 Радиосына берген сұхбатында Францияның сыртқы істер министрі Мишель Барньенің бүгін мәлімдегеніндей, бұрынғы Палестина президентінің сырқаты туралы анықтама, заңға сәйкес, тікелей оның отбасы мүшелеріне ғана беріледі. Яғни, оның атап көрсетуінше, әлгі дәрігерлік анықтаманы сұраған Я.Арафаттың отбасы оны алуға құқылы. Палестинаның премьер-министрі Ахмад Кураи бүгін францұз ауруханасын Я.Арафаттың өліміне не себеп болғанын анықтау үшін оның дерті туралы барлық мәліметті жариялауға шақырды.