Қуғында жүрген Иран оппозициясының мәлімдеуінше, Теһран атом энергиясы бойынша халықаралық агенттік – МАГАТЭ-ге беймәлім ядролық қару шығару бағдарламасын астыртын жүзеге асырып жатыр

Қуғында жүрген Иран оппозициясының мәлімдеуінше, Теһран атом энергиясы бойынша халықаралық агенттік – МАГАТЭ-ге беймәлім ядролық қару шығару бағдарламасын астыртын жүзеге асырып жатыр. Иранның қарсылық көрсету жөніндегі Ұлттық кеңесінің өкілі Шахин Гобади бүгін Парижде өтетін баспасөз-маслихатында сол бағдарламаның жай-жапсары мен тіпті мекен-жайын хабарламақшы. АҚШ-тың мемлекеттік департаменті Халықтық Муджахеддин ұйымын террористік топ деп қарастырады.