Бұл құлдырау – АҚШ-тың қаржы министрі Джон Сноудың кешегі Лондонда айтқан пікірінің нәтижесінде орын алып отыр. Дж.Сноу кеше АҚШ әкімшілігінің валюта саудасына ықпал етуге бармайтынын мәлімдеген болатын. Доллардың еуроға шаққандағы бағамы бүгін 1.30 долларға дейін төмендесе, Токиодағы валюта саудасы барысында 1 доллар – 103.7 иенаға дейін арзандады.