Ауғанстан президенті Хамид Қарзай есірткі өндірісіне қарсы күрес басты шаруа , бірақ көкнар алқаптарын құрту үшін гербицид дәрілерін шашу әдісіне қарсымын деді. Бұл ауылды жерлердегі тұрғындардың денсаулығына зиян болуы мүмкін деді Қарзай әкімшілігі. БҰҰ-ның есірткі және қылмыстар жөніндегі Комиссиясы Ауғанстанның “есірткі мемлекетіне” айналатын түрі бар, апиын өндірісі Ауғанстан экономикасының “негізгі күшіне” айналды деп алаңдаушылық танытты кеше. Ауғанстанда көкнәр өндірісінің айналымы 2, 8 миллиард долларға жетті, 2003 жылғы жалпы ұлттық өнімнің 60 пайызын құрады, - деп мәлімдеді Брюсселде БҰҰ өкілі Антонио Мариа Коста. АҚШ үкіметі Ауғанстандағы көкнар өндірісін құрту және диқандарды басқа өндіріске баулу шараларына Конгрестен 780 миллион доллар сұрап отыр қосымша.