Кеше Ирақ көтерілісшілері Бағдад аудандарында бірнеше дүркін шабуылды іске асырды. Олар полиция кеңсесіне шабуыл жасап, америкалық патрульді қақпанға түсірді, автокөлігімен келе жатқан Ирақ үкіметінің 4 өкілін тасадан атып өлтіріп, бірнеше бомбаны жарды. Міне осы шабуылдардың салдарынан 1 АҚШ жауынгері және 7 Ирақ полициясы мен ұланы қаза тапты. АҚШ армиясы өкілдерінің хабарлауынша, Мосул қаласында кеше 9 Ирақ жауынгерінің өлігі табылды. Тоғызын да қарақұстан атып өлтірген. Польша премьер-министрі Марек Белканың хабарлауынша, осыдан үш апта бұрын кепілдікке алынған поляк әйелі босатылды.