Еуропа Одағы Украина президент сайлауының қортындысын жарияламай туруға шақырды

Алдымен дауыс беру тәртiбi және алдын-ала қортындылар тексерiлсiн, дейдi Еуропа Одағы. Еуропа Комиссиясының төрағасы Хосе Мануел Барокко дағдарыс Еуропа Одағымен ресми Киевтiң қатынасына нұқсан келтiрмес деп үмiт айтты. Бiрақ сайлау қортындылары жан-жақты және тепе-тең қайта қаралмаса барлық қатынастарға ықпалы тиедi, - дедi Еуропа Комиссиясының төрағасы. Еуропа Одағы сыртқы саясат үйлестiрушiсi Хавиер Солана сайлаудың екiншi кезеңi бұрмаланды, Еуропа Одағы мен Украинаның қарым-қатынасы Украинаның демократиялық беталысына тәуелдi болады дедi. Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтымақтастық ұйымының төрағасы Соломон Пасси Украина билiгiн сайлау бұрмалау жағдайларын тергеуге шақырды.