Үстіміздегі жылдың шілде айында Ташкенттегі Израиль елшілігі мен мемлекеттік прокуратура алдында болған жарылыстардан жеті адам қаза болған еді. Ал, наурыз айындағы тізбекті жарылыс-оқиғалары кесірінен 50-дей адам қаза болған-ды. Мұның бәрі үшін Өзбек өкіметі радикалдық Исламшыл топтарды айыптауда. Қытай да Орта Азия елдерімен өзінің шекаралас аймақтарында осындай топтар ықпалының өсе түскендігі үшін мазасызданып отыр. Ал, 1990-шы жылдың басқы кезінде елде орын алған бомбалық жарылыстар мен кісі өлімдері үшін Мұсылман ұйғыр жікшілдерін айыптауда.
Алайда, ол радикалдық топтардың мақсаттары түрлі бағытта болған, дейді сарапшылар. Мысалы, Өзбекстанда орын алған оқиғаларға ел тұрғындары әлеуметтік тұрмыс деңгейінің төмендігі себепші болуы мүмкін. Бәлкім, аймақта Ислам мемлекетін құру жөніндегі саяси мақсаттар да түрткі болды ма, деген ой сарапшыларда жоқ емес. Ал, Қытайдың Шыңжаң, яғни Шығыс Түркістан аймағында тұратын Ұйғыр жікшіл топтары өздерінің тәуелсіз мемлекетін құруға ұмтылуда.
Ендеше, осындай қиын түйіндерді шешуде ол мемлекеттер қаншалықты дәрежеде бірлесе қимылдап отыр?- деген сауалдың туындары заңды. Өзбек елбасы Ислам Каримов: “Халықаралық лаңкестік, экстремизм және жікшілдік сияқты үш қара күшке қарсы күресте біз Қытаймен толық біргеміз”,-деді. Шанхай ынтымақтастық ұйымына Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан, Ресей және Қытай елдері- мүше. Лаңкестік әрекеттерге қарсы күресте бірлесіп әрекет ететіндіктеріне олар уәде беруде. Сонымен, 2002-ші жылы Қырғызстан елі Қытаймен бірлескен әскери жаттығулар өткізген алғашқы мемлекет еді. Келесі жылы мұндай шаралар Қазақстан мен Қытайдың әріптестігінде өтті. Сарапшылардың пікірінше, мұндай әріптестік Қытай елі үшін ұйғыр жікшілдерін басып-жаншу мақсатында қажетті шара болып тұр. Әріптестікті пайдалана отырып ресми Бежін шетелде қуғында жүрген ұйғырларды “лаңкестер” деп атай отырып, оларды ұстап берулерін Шанхай ұйымына мүше елдерден сұраған болатын.
Сондай ұсыныс нәтижесінде, өткен жылдарда Қырғызстан мен Қазақстан елде жүрген ұйғыр азаматтарын шығарып жіберген еді. Швецияда орналасқан Жібек жолы бағдарламасының директоры Никлас Суанстромның пікірінше, ол шығарылып жіберген азаматтардың кейбірі кінәсіз де болуы мүмкін. “Егер бір ел келіп, “Лаңкестерді ұстап бер”, деп тұрса, “Жоқ, біз олай ете алмаймыз”, деп айта қою қиын, әрине. Алайда, сондай жағдайға тап болғандардың барлығы бірдей лаңкестер емес”-, деді Суанстром мырза.
Бішкекте тұратын Садық деген ұйғыр азаматының айтуынша, елден шығарылған ұйғырлар қатер астында қалуда. Ал, Камрон Алиев деген тәуелсіз Өзбек талдаушысының пікірінше, Қытаймен арадағы байланыстарын жақсарта түсу үшін Орта Азия басшылары алдағы уақытта да өз елдеріндегі ұйғыр топтарын ауыздықтауға тырысатын болады.
Осы айтылғандарға қарамастан бұл елдердің лаңкестік әрекеттерге қарсы күрестегі әріптестігіне кедергі болатын жайлар бар, дейді сарапшылар. Лондонда орналасқан “Жейн” әскери басылым тобының аймақтағы сарапшысы Алекс Ватанканың айтуынша лаңкестік әрекеттерге және халықаралық есірткі тасымалына тосқауыл қою ісінде бұл елдердің толық әріптестік орнатуына ең басты кедергі келтіріп отырған бір мәселе бар.
Ол мәселе- Орта Азия елдерінің Қытайға сенімсіздікпен қарайтыны-, дейді Ватанка. Орта Азия елдері Қытай, Ресей, Америка арасында өзара тепе-теңдік сақтауға, сол арқылы өздеріне барынша пайда түсіруге тырысуда, деген пікірін сарапшы ортаға салып отыр.