Украина оппозицияcы халықаралық қауымдастықтан көмек сұрады

Украина оппозициялық партиясы жоғары сотқа қайырылып, президент сайлауының қортындыларын қайта қарауға сұрады. Оппозиция жергілікті соттарға жексенбілік сайлау тәртібі жайында көптеген шағымдарды түсірген болатын. Оппозиция басшысы Виктор Ющенконы қолдайтын 100 мың халықтың ел астанасы Киевте ереуілдеткеніне бүгін төртінші күн. Виктор Ющенко әлем елдеріне қайырылып, сайлау қортындысын мойындамауға шақырды, Россияға қайырылып, "банды үйірі" қолындағы Украина үкіметіне емес, Украина демократиясына және азаттығына қолдау танытуға шақырды. Виктор Ющенко сол сияқты әскер адамдарына қайырылып, жалпыұлттық ереуілге қосылуға шақырды. Қорғаныс министрі кешегі сөзінде халық толқуына бола әскер орнынан қозғалған жоқ деді.