Орта Азия елдеріндегі оппозиция. 1-ші бөлім.

  • Нұрлытай ҮРКİМБАЙ
Нью-Йорк қаласындағы Колумбия университетінің ұйымдастыруымен өткен конференцияға Орта Азия елдерінің бірнеше саяси салаларынан өкілдер қатысты. Олар Өзбекстан елбасы Каримовтың жүргізіп отырған саясатын “репресивті” деп айыптады. Өзбек оппозициясы жікке бөлінуде. Олардың күшін қайтсе біріктіруге болады?- деген сауал төңірегінде біраз ойларын сарапшылар ортаға салды.
Орта Азияның басқа елдеріндегі сияқты Өзбекстандағы оппозициялық күштер де жікке бөлінген, кең етек жайған және шетелдік көмекке тәуелді. Олардың біраз қайраткерлері шетелдерде қуғында жүр. Демек, елдің саяси өміріне деген ықпалы мықты емес. Нью-Йорк қаласындағы Колубия университеті ұйымдастырған конференцияға қатысушылар:

“Өз араларындағы ала-ауыздыққа қарамастан, бүгінгі күні оппозициялық топтардың күш біріктіретін аса маңызды шағы”, деді. Әскери базаларын пайдалануға бергені және лаңкестік әрекеттерге қарсы күрес коалициясы тізіміне Өзбек елінің енгені үшін елбасы Ислам Каримов ресми Уашингтон тарапынан саяси қолдауға ие болып, қомақты қаржылай көмекке қол жеткізген еді. Алайда Каримовты халықаралық Адам хұқын қорғау ұйымдары елдегі саяси диссиденттерді қуғындағаны үшін сынға алуда. Солардың бірі Гарвард университетінің зерттеушісі Фарход Иногамбаев, өткен жылға дейін Каримовтың қызы Гүлнараның қаржы бойынша бас кеңесшісі болған-ды. Батыс мемлекеттері өз қызығушылықтары үшін Каримовтың пайдасына инвестиция енгізуден сақ болуы тиіс, деген ойды ол айтты. “Батыс елдері барлық көмек атаулыны Каримовтың жеке қалтасына сала бермес, деп сенемін. Себебі, Каримов Өзбекстан емес, ол өзбек халқы емес. Сондай-ақ Батыс елдері демократиялық оппозицияның жаңа буынына қолдау көрсетеді, деген сенімдемін”-, деді Иногамбаев.

Ташкенде 1999-шы жылы орын алған лаңкестік әрекетті “радикалдық исламшылдар тілігі” деп атай отырып, одан кейін Каримов өкіметі оппозициялық қозғалыстарды аяусыз қуғындаған болатын. Егер өзі биліктен кетірілген жағдайда “Құрама Штаттары мен оның одақтастары Орта Азия төрінде радикалдық бағытта пайда болған Исламшыл мемлекетпен бетпе-бет келеді”, деп Өзбек елбасы ескерту жасауда. Колумбия университетіндегі пікіралысуға қатысушы Абдуманноб Полат- Өзбекстандағы “Бірлік” атты қозғалыс жетекшісі Абдурахим Полаттың туған інісі. Ол Орта Азиядағы Адам хұқықтары туралы ақпарат жүйесін бағыттап отырады. Өзбекстандағы болашақ билік жөнінде ол былай дейді:

“Егер еркін ахуал жағдайында, бір-екі жыл көлемінде, Өзбекстанда еркін сайлаулар өткізілер болса, онда жаңа сипаттағы радикалдық Исламшылар коалициясы билікке келер еді. Себебі олар көбірек ұйымдасқан және олардың өкімет құрамында аса ықпалды тұлғалары бар”-, деді Абдуманноб Полат. Алайда аталған пікірмен сарапшы Иногамбаев келіспеуде. Өзбек халқы бекзаттық бағытта, біз мұсылманбыз, бірақ жаңа тұрпаттағы. Және көптеген өзбектер исламшылдық бағытты ұстанғаннан гөрі, орыстанып кеткен.

Менің ойымша, радикалдық исламшылардың келуі деген асыра айтылған пікір, деді сарапшы.