Кәріздік жүйенің жарылуы салдарынан Өскемен қаласының екі жүз мың тұрғыны сусыз қалды
Өскемен әкімшілігі қалада төтенше жағдай жариялады. Қаланың кәріз жүйесі жарылып, қала халқы бұрын болып көрмеген апатты жағдайға тап болған. Істен шыққан кәріз құбырларының ұзындығы екі шақырымға жетеді. Қаланың үйлерін жер астынан көтерілген лас, сасық сулар басып кеткен. Тұрғындарға ауыз су көлікпен тасымалданып жеткізілуде. Мектептер мен жоғары оқу орындарының жұмысы тоқтатылып, аурулардың төсек тартып жатқандарынан басқалары үйлеріне қайтарылған.
Қазақстанның Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз хатшысы Қайрат Дәрібаевтың айтуынша, уақиға қарашаның 24-і күнгі кешкі уақытта болған. «Соның салдарынан Өскеменнің 200 мың халқы сусыз қалды»,-дейді Қайрат Дәрібаев.
Өскемен қаласының тұрғыны Нұрбек Бекеновтің айтуынша, қаланың су құбырлары жүйесінің әбден тозығы жеткен. Қарашаның 24-інде қала бойынша төтенше жағдай үш күнге жарияланып, мектептердің жұмысы дүйсенбіге дейін тоқтатылатындығы хабарланған. «Негізгі кәріздік жүйенің салынғанына 48 жыл болды»,-дейді Нұрбек Бекенов.
Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма бастығы Григорий Темныйдың айтуынша, қарашаның 26-сы күні таңертең қала халқы қалыпты тіршілігіне көше бастаған.
«Кәсіпорындар мен жеке тұрғын үйлерге су беріліп, басқа да қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр»,-дейді Григорий Темный.
Өскемен қалалық санитарлық эпидемиологиялық стансасының бастығы Валерий Якубов мектептер мен жоғары оқу орындары басқа да әлеуметтік мекемелер екі күн сусыз тұрғандығын айтады. «Халық көп шоғырланатын мекемелер сусыз жұмыс істей алмайтын болғандықтан, жұмыстарын амалсыз тоқтатқан.
«Әзірге апат салдарынан жұқпалы ауру белгілері байқалған жоқ»,-дейді Валерий Якубов. Өскемен қаласының әкімдігі мен атқару қызметінің басшылары уақиға орын алған маңда жүргендіктен ақпарат алудың мүмкіндігі болмады.
Сондықтан, Қазақстанның Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз хатшысы Қайрат Дәрібаевтан апаттың себеп салдары мен материалдық шығынның қанша екендігі жөнінде сұрадық. Қайрат Дәрібаев бұл мәселе төтенше жағадайлар жөніндегі министрліктің құзырына кірмейтіндігін, оны жергілікті атқару билігі есептеп жатқандығын айтты.
Бірер ай бұрын кәріз жүйесі құбырының істен шығуына байланысты Қарағанды облысындағы Абай қаласында да төтенше жағдай туындағаны мәлім.
Ауыз суға кәріз жуындысының араласып кетуі салдарынан қалада ішек-асқазан індеті асқынып кеткен болатын. Ондағы уақиғаға да кәріз, су құбыры жүйелерінің тозығы жетіп, пайдалану мерзімі өтіп кеткендігі себеп болған. Мамандардың айтуынша, Қазақстанның барлық қалаларында дерлік су-құбыр жүйелері тозғандықтан осындай уақиғаның қайталануы мүмкін. Ал, Өскемен қаласының әкімдігі Қазақстан Үкіметінен апаттың зардаптарын жою үшін 80 миллион теңге қаржы бөлуді сұрап отыр.