Бүгін Кения астанасында жаяу әскерге қарсы қолданатын миналарға тыйым салу мен жою тақырыбы бойынша халықаралық конференция басталып, осы конвенцияға 144-інші мемлекет болып Эфиопия қосылды. Найробидегі форумға төрағалық етуші аустриялық дипломат Вольфганг Петриш аталмыш келісімге тағы бір елдің қосылуына жоғары баға берді. Осыдан 5 жыл бұрын - 1999 жылы Канада астанасы Оттавада қол қойылған конвенцияны 143 ел бекітіп, 5 жыл ішінде 37 млн. жана мина жойылды. Алайда, АҚШ, Қытай және Ресей бұл конвенцияны бекітпей отыр. Жыл сайын минадан 15-тен 20 мыңға жуық адам, басым көпшілігі – балалар қаза болады.