Румынияда жексенбі күні өткен сайлаудың алдын-ала нәтижесі бойынша биліктегі Социал-демократиялық партия аз ғана басымдықпен жеңіске жеткен сыңайлы

Шамамен барлық дауыстың 90 проценттейі саналып біткенде басқарушы Социал-демократиялық партияның даусы 36 процентке жеткен. Әділдік пен шындық орталық одағының алған даусы 31 процент болады. Румыниядағы сайлаудың түпкілікті қорытындысы бүгін кешке қарай анқыталып қалуға тиіс. Алайда Румыния оппозициялық одағының жетекшісі және Бухарест қаласының мэрі Трайан Базеску парламенттік және президенттік сайлаудың қорытындысын жарамсыз деп табу керек, өйткені бұрмалаушылққа жол берілді, қайта сайлау өтуі керек деп мәлімдеп жатыр. Президенттіктен үміткер Базеску билік 16000 қосымша сайлау бюллетендерін немесе 2,5 процент дауысты премер министр Адриан Настаздың пайдасына беріп жіберді дейді. Базеску Орталық сайлау бюросы таратылып, заң бұзушылыққа жол бергендер тұтқынға алынсын дейді: -Біз биліктегі Социал -демократиялық партияның басқаруымен 28- қарашада өткен сайлау барысында бұрмалаушылыққа жол бергендер, Орталық сайалу бюросы міндеттен босатылсын деп талап етеміз. Алаяқтық бағдарламаны әзірлеген директор тез арада тұтқындалсын,- деп атап көрсетеді Базеску.