Палестина президенттігінен үміткер Махмұд Аббас Израилмен келіссөздерді қайта бастаймыз дейді

Фатах қозғалысынан президенттікке кандидат болып ұсынылған Махмұд Аббас Израилмен бейбіт келіссөздерді қайта жаңғыртуға шақырды. Аббас бұл екі тарап Палестинада 9 қаңтарға межеленген президенттік сайлаудан кейін кездесуі тиіс деп атап көрсеткен. Палестинаны Азат ету ұйымының төрағасы Аббас формалді түрде Палестина президенті міндетін атқару науқанын бастап кетті десе де болады. Аббас Египет журналында жарық көрген сұхбатында өзінің Израилмен бейбіт реттеу жөніндегі түпкілікті келіссөздер келесі жылы жүзеге асады деп үміттенетіндігін айтқан. Ал бұл екі аралықта бүгін Хамас тобы өз жақтастарын алдағы сайлауға қатыспауға шақырған мәлімдеме жариялаған.