Қытай елінің президенті Ху Жиңтао ВИЧ-СПИД дертіне шалдыққандар жатқан ауруханаға арнайы барып, науқастармен кездесіп, олардың ем қабылдағандарына қолдау білдірді.
БҰҰ-ң есірткі және қылмыспен күрес қызметінің атқарушы директоры Антонио Коста әлем ендігі жерде бұл қатерлі дертті елемей, оған бейтарап қарап отыра алмайды деп атап көрсеткен:
- Біз бүкіл жер бетіндегі 40 миллиондай ВИЧ-СПИД ауруына шалдыққандарға ұжымдық түрде қолдау көрсетуіміз керек деп ойлаймын. Біз сіздер бәрін де жасап жатқандарыңызға сенеміз, бүкіл әлем елдерінің бұл қатерлі ауруға қарсы бірлесіп қарсы тұратын, күресетін уақыты жетті.
Үндістан үкіметі елдің ішінде, әсіресе ауылдық жерлерді аралап үгіт-насихат жүргізетін төрт поезды қаражатпен қамтамасыз еткен.
Бангладеште 5 мыңнан астам адам Парламент алдына шеруге жиналған.
Бангокта белгілі өнер жұлдыздары шеру ұйымдастырып, СПИД-ке қарсы күрес жолдарын жастар арадында кеңінен әңгіме еткен.
Бүкілдүниежүзілік СПИД-пен күрес күнінің алдында ғана БҰҰ-ының хабарламасында бұл індеттің адамзат баласының дамуына төндірер қауіп-қатері ядролық террормен теңестірілген болатын.