Шардара су қоймасынан секундына 900-текше метрге дейін ағылған судың салдарынан Сырдария арнасынан асып, жайылып барады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің су ресурстары комитетінің мамандары оның қаупі күн санап күшейе түсетіндігін айтып отыр.
Қазірдің өзінде жайылған су Тереңөзек селосының іргесіне барып қалды. Аудан басшыларының ұйымдастыруымен қазір апаттың алдын алу жұмыстарына 300-ге жуық адам, 30-дан астам техника жұмылдырылған.
Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Әмірхан Кеншімевтің айтуынша, биылғы жағдай былтырғыдан да қиын болатын түрі бар. «Өзбекстан жағы Арнасай бөгетін тұрғызғалы Арнасайға су жіберу мөлшері шектелді. Сондықтан, тәуекелге барып, әзірге мұз жоқ кезде суды Сырдарияға бағыттап жатырмыз»,-дейді Әмірхан Кеншімев. Ал, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Бекмырза Еламановтың айтуынша, бүгінгі күні Астанамен келісіп Шардараны бос ұстау үшін секундына 800 текше метр су жіберіліп жатыр. Оның 150 текше метрі Қызылорданы су желісіне берілсе, 700 текше метрі Аралға құйылып жатыр.
Ауыл шаруашылығы министрлігі су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Әмірхан Кеншімев Қызылорданың Тереңөзек селосы тұсындағы су деңгейінің бірден көтеріліп кетуін Қызылорда қаласындағы бөгетте суды көп мөлшерде жинақтап барып, ағытқаннан болды деп есептейді.
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Бекмырза Еламанов болса, Ауыл шаруашылығы министрлігінің су ресурстары комитеті тарапынан Шардарадан судың босатылғандығы туралы хабардың уақытында жеткізілмейтіндігін айтады.
Тереңөзек ауданының әкімі Ибрагим Әбибуллаевтың айтуынша, қазір судың деңгейі өте жоғары. «Бұрын асып кеткенде 400 текше метр су өткізу мүмкіндігі бар өңірге секундына 900 текше метр су келіп жатыр. « Бөгеттерді көтеруге ауданның бар мекемесінің жұмысшылары тартылуда. Бөгеттің үстіне екі күнде жиырма мың қапшық топырақ тасталды»,-дейді Ибрагим Әбибуллаев.
Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Әмірхан Кеншімевтің айтуынша, Шардарадан су босатылмаса, қаңтардың 15-20-сына дейін су қоймасы толып қалады.Оның соңы орны толмас зор шығынға апаруы мүмкін.
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Бекмырза Еламанов болса, бұл қиындықтардың барлығы трансшекаралық өзендерді пайдаланудағы мемлекетаралық келісім- шарттардың дұрыс орындалмауынан деп есептейді.
Ол Өзбекстан жағы Арнасайға су ағытуға рұқсат етпесе, Қырғыз Республикасы да Тоқтағұлдан бар суды ағытып отырғандығын айтады.
Тереңөзек ауданының әкімі Ибрагим Әбибуллаев су деңгейінің тез көтеріліп кетуі мұз құрсаулардан құтқаруға арналған бөгет және тура арналар тарту ісіне үлкен кедергі келтіріп отырғандығына тоқталды.
«Бұған қазірге дейін жергілікті бюджеттен 5,5 миллион теңге жұмсалса, сол жұмыстың барлығын су шайып кетуі де ғажап емес»,-дейді.
Аудан әкімінің айтуынша, қазір осы мақсатқа Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің араласуымен алты миллион теңге ғана бөлініп отыр.
Ал, Тереңөзек селосын су басып қалуынан түпкілікті құтқару үшін барлығы 40 миллион теңге қажет көрінеді.