Алматыдағы жарылыстарға қатысы бар бір күдікті ұсталып ал екіншісіне іздеу жарияланды

  • Досан БАЙМОЛДА
Қарашаның 28 і күні Алматыдағы Абылайхан көшесі бойындағы Республикалық «Отан» партиясының орталық кеңсесі орналасқан ғимараттың жанында болған жарылыстарға қатысты жұма күні Алматы қалалық ішкі істер бас басқармасы бастығының бірінші орынбасары полковник Виктор Бугаев бұқаралық ақпарат өкілдерімен кездескен кезінде осы жарылыс оқиғасына байланысты Қазақстанның ішкі істер министрлігі мен Алматы қалалық ІІББасқармасының шұғыл іздестіру, тергеу тобының құрылып іске кірісіп, 6 күн ішінде осы жарылыстарға қатысы бар болуы мүмкін деген бір күдіктіні өткен түнде ұстағандықтарын хабарлады.
Оның айтуынша, жарылысқа күдікті ретінде көріліп отырған Алматы тұрғыны, 40 жастағы бұл азамат жарылыс болардан бұрын «Отан» партиясы кеңсесі алдында неше күн бойы қолында полиэтилен дорбасы бар айналсоқтап жүріп жүрген.

«Дәретқанаға кіремін деген сылтаумен ішке кірмекке бірнеше рет әрекеттенген алайда күзет қызметкерлері қолында ұстап жүрген дорбасын көрсетуді талап еткенде ол бірден бас тартып ғимараттан шығып кеткен. Қәзір осы аты жөні аталмаған күдіктінің жарылысқа қаншалықты қатысы барлығы тексеріліп жатыр. Алматы қалалық ІІБ Басқармасы бастығының бірінші орынбасары, полковник Виктор Бугаев сондай ақ Алматыда жарылыстар болған кезде сол маңайдан белгісіз біреудің Ниссан-Сани маркалы автокөлікті алып қашпақ болып әрекет жасағандығын бірақта ол қылмыскер жол апатын жасап өзі жасырынып үлгергенін хабарлады. Бұл жарылысқа қатысы бар болуы мүмкін екінші күдікті адам болыр отыр деді Бугаев.

Ол адамды көріп қалған кейбір куәгерлер оның еуропа нәсілді, 23-25 жас шамасындағы бойының ұзындығы 170-175см шамасында, арықша келген жас жігіт екендігін айтқан. Ең қызығы оның қолында былғары қолғап болыпты. Полковник Виктор Бугаев осы белгілер арқылы екінші күдіктінің компьютерлік бет бейнесінің жасалғандығын, сол арқылы оны көріп таныған кімде болсын дереу полицияға хабарласуды өтінді.

Алматы қалалық полиция Алматыдағы жарлыстарды бұзақылардың ісі деген алғашқы болжамында екендігін бәлкім бұл осы ғимаратта орналасқан коммерциялық фирмалардың өзараларындағы есеп айырысу кикілжіңінен туған болу керек деген болжам бар деді Бугаев.

Алайда Республикалық «Отан» партиясының басшылығы полицияның бұл болжамымен онша келіспейтіндіктерін білдірді.