“Реал” мен “Реал” Сосьедад” командаларының кездесуіне келген 70 мыңнан астам жанкүйер футбол алаңынан дереу шығарылды

Жексенбі күні кешкісін жарылыс болу қаупінің төнуі салдарынан жергілікті “Реал” мен “Реал” Сосьедад” командаларының кездесуне келген 70 мыңнан астам жанкүйерді футбол алаңынан дереу шығаруға тура келді. “Газа” газетінің редакциясына белгісіз біреу телефон соғып, баск сепаратистерінің “ЭТА” ұйымы атынан футбол стадионында бомба орнатылғанын хабарлайды. Кездесудің аяғына 1 минут қалғанында алаң төрешілері оны дереу доғаруға мәжбүр болды. Стадионда әлгі бомба табылмады. Ал аталған екі клубтың басшылығы енді ойын нәтижесін өзара шешуге тиіс.