Қазақстандағы өндіріс орындарында еңбек қауіпсіздігін сақтамаудың 353 мың фактісі тіркелген

  • Ескендір ЕРТАЙ
Қазақстанның Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің мәліметтеріне қарағанда, тау-кен өндірістеріндегі еңбек қауіпсіздігінің сақталмауы салдарынан жұмысшылардың жарақат алуы жиілеп барады.

Министрліктің баспасөз қызметкері Қайрат Дәрібаевтың айтуынша, жыл басынан бері тексерілген кәсіпорындардың 353 мыңында еңбек қауіпсіздігі шараларының сақталмағандығы анықталып отыр.Қазақстанның Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің Бас еңбек инспекторы Серік Бисақаевтың айтуынша, тау-кен комбинаттарындағы еңбек қауіпсіздігі шаралары сын көтермейді. Жұмысшылардың опат болуы мен өндірістік жарақат алуы тау-кен кәсіпорындарында жиі орын алады. «Шахтинскідегі жағдай үкіметтің араласуымен оңтайлы шешілді»,-дейді Серік Бисақаев. Ал, Қазақстанның Кәсіподақтар Федерациясының тау-кен және металлургия кәсіпорындары бойынша кәсіподағының төрағасы Қайдауыл Шүменов болса, "1994 жылдан бері аталмыш өндіріс орындарында үш жақты әріптестікке негізделген келісім шарт ойдағыдай орындалып келеді. Қазақстандық жұмысшылар шетелдіктерден аз жалақы алмайды,"-дейді.

Ал, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің Бас инспекоры Серік Бисақаев болса, шетелдік компаниялардың басшылары жұмысшылармен жасасқан еңбек келісім шарттарын коммерциялық құпия деп көрсетпейтіндігін, ал оның абстрактылы нәрсе екендігін айтады.Қазақстанның Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметкері Қайрат Дәрібаевтың айтуынша, еңбек қауіпсіздігін сақтамау жөнінен тау-кен кәсіпорындарынан кейінгі 2-ші орында тұрған құрылыс компаниялары. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің Бас еңбек инспекторы Серік Бисақаев болса, Астанадағы Сарыарқа ықшам ауданындағы салынып жатқан «Алтын орда» тұрғын үй кешеніне жататын бір үйдің төбесі құлау салдарынан сегіз жұмысшы құлап, біреуі опат болғандығына куә болған екен.Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің алдын-ала болжамына қарағанда, апаттың шығуына еңбек қауіпсіздігінің сақталмауы себеп болған. Желтоқсанның 4-інде болған апатты жағдайдың салдарынан «Инженерлік корпорация» ЖШС-інің 24 жастағы жұмысшысы қаза тауып, 7 адам жарақаттармен ауруханаға түскен Жұмысшының қаза табу себептерін Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік инспекциясы тексеруде. Ал, опат болған жұмысшы мен өндірістік жарақат алған жұмысшыларға қаншалықты өтемақы төленетіндгі белгісіз қалып отыр.