Ирақтың уақытша премьері А.Аллауи Ирақ армиясын толық тарату туралы бұрынғы шешім дұрыс болмады деп санайды

Ирақтың уақытша үкіметі Саддам Хусеиннің қуып таратылған армиясы қызметкерлерінің кейбірін армия қызметіне қайта оралуға шақырды. Қорғаныс министрлігінің үндеуінде, үкіметтің жаңа армиясына қатарына көлік жүргізушілер мен өзге де көлік мамандары шақыралады. Уақытша премьер-министр Айад Аллауи мен басқа да үкімет өкілдері Ирақ армиясын толық тарату туралы бұрынғы шешімді сынға алды. Сәрсенбі күні Айад Аллауи армияны қалпына келтіру басым міндет деп атап көрсетті: "Біз армияны жоғары деңгейде оқытумен қатар, қазіргі қару-жарақпен, әскер техникасымен жабдықтауды жоспарлап отырмыз. Біз армияны саясаттан тыс ұстап, конституцияға бағындырамыз. Армия мен ұлттық қауіпсіздік күштерін қалпына келтіру бізге халықаралық күштерді белгіленген кестеге сәйкес Ирақтан шығару шартын қоюға мүмкіндік береді".