Ресей президенті Владимир Путин неміс канцлері Герхард Шредермен экономикалық ынтымақтастық мәселелері, білім беру және Украинадағы ахуал туралы келіссөз өткізу үшін 2 күндік сапармен Германияға ұшып келуге тиіс. В.Путин Герхард Шредермен бүгін кешкісін Гамбург портында кездеседі деп жоспарлануда. Сейсенбі күні екі лидер үкіметаралық кеңеске қатысу үшін Шлесвиг қаласындағы неміс және орыс министрлерімен бас қосады.