АҚШ-тың мәлімдеуінше, ЮКОС мұнай корпорациясының еншілес компаниясын сатқан аукционның нәтижесі Ресейдің құқықтық жүйесінің жасампаздығына күмән келтіреді. Жексенбі күні болған аукционда ЮКОС-тың ең ірі еншілесі - “ЮганскНефтеГаз” компаниясын тіпті беймәлім “БайкалФинансГруп” фирмасы сатып алды. АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Ричард Баучер “ЮганскНефтеГаз”-дың сатылған жайы Ресейдің шетелдік инвесторлар үшін тартымдылығына көлеңкесін түсіруі ықтимал деп атап көрсетті. Ресейдің әділет министрлігі кеше егер аукционның жеңімпазы акциялардың 9.3 млрд. доллар құнын 11 қаңтарға дейін төлей алмаса, “ЮганскНефтеГаз” қайтадан мемлекеттің меншігіне өтеді деп хабарлады.